Қызылорда, Тараз және Түркістанда тағы үш мектеп ашылады деп сенеміз – Владимир Путин

279

Білім ордалары Қызылорда, Тараз және Түркістанда салынуы мүмкін. 

Қызылорда, Тараз және Түркістанда тағы үш мектеп ашылады деп сенеміз – Владимир Путин Фото: Российская газета

Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында елімізде салынатын орыстілді мектептер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ресей Қазақстанда жаңа орыс тілді мектептердің құрылысын және мектептердегі орыс тіліндегі білім беру сапасын арттыруды қолдайды. Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістанда осындай тағы үш мектеп ашылады деп сенеміз. Біз Қазақстан Республикасының басшылығына, атап айтқанда Қасым-Жомарт Кемелұлына орыс тіліне ерекше ықыласпен қарағаны үшін және орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы маңызды бастамасы үшін алғыс білдіреміз. Ұйымның қызметі орыс тілінің мемлекетаралық және ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде дамытуға ықпал етеді", – деді Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу