Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді

116

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді Фото: freepik

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2”, – делінген хабарламада.

Түркістан облысында есептік балл келесідей:

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл,

Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл,

Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Кейінірек ТЖМ жер сілкінісі Шымкент қаласында да сезілгенін, оның күші 2 балл болғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу