Еліміздің Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 30%-ға артты

501

Қазақстанда Орталық Азия елдерінің қатысуымен 5 мыңға жуық компания жұмыс істейді.  

Еліміздің Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 30%-ға артты Фото: inform.kz

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еліміздің Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 5,6 млрд долларға жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 29,9%-ға көп. Оның ішінде экспорт көлемі 29,7%-ға, импорт 30,4%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Өзбекстанға 2,6 млрд доллардың, Тәжікстанға – 591,2 млн доллардың, Қырғызстанға – 519,9 млн доллардың, Түрікменстанға – 245,8 млн доллардың өнімін жіберген.

Ал, елімізге Өзбекстаннан 917,4 млн долларға, Тәжікстаннан – 388,1 млн долларға, Қырғызстаннан – 273,7 млн долларға, Түркіменстаннан – 82,3 млн долларға тауар импортталды.

Биылғы маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан резиденттерінің Орталық Азия елдерінің инвесторлары алдындағы міндеттемелері 627,8 млн долларды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,8%-ға артық.

Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша елімізде Орталық Азия елдерінің қатысуымен 4,7 мың компания болды. Бұл былтырғыға қарағанда 27,7%-ға көп.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу