Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстанның Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстанның өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстанның Норвегия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды
Ал Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев еліміздің Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді.