Еліміздің рейтингтік агенттігі құрылмақ

247

Құжат 7 тараудан, 30 баптан тұрады. 

Еліміздің рейтингтік агенттігі құрылмақ Фото: https://www.shutterstock.com

Мәжілістің жалпы отырысында "Рейтингтік қызмет туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова таныстырды. Оның айтуынша, жаңа заң алғаш рет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негізін белгілейді.

Заң жобасы 7 тараудан, 30 баптан тұрады. Ол рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың  кешенді моделін құрайды. Ілеспе заң жобасымен 3 кодекске және 18 заңға түзетулер енгізіледі.

"Рейтингтік қызметті реттеудің негізгі мақсаты – рейтингті пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа заңда келесі  реттеу міндеттері көзделген: рейтингтік қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу; рейтингтік қызметтің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету; рейтингтік қызметті мониторингтеу және қадағалау; қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығына деген сенімді нығайту", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін көздейтін институционалдық модель енгізіледі.

"Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық Банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді. Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер. Бұл –  Standard&Poor's, Moody's, Fitch агенттіктері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кемінде бес елі таныған басқа рейтингтік агенттіктер", – деді агенттік төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу