Еліміздің Ресеймен тауар айналымы бір жыл ішінде 18%-ға артты

1441

Биылғы қаңтар айында Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы 2 млрд долларға жетті. 

Еліміздің Ресеймен тауар айналымы бір жыл ішінде 18%-ға артты Фото: google

Жылдық өсім – 17,6%, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Тауар айналымының басым бөлігі импорттан тұрды. Атап айтқанда, жыл басынан бері Ресейден елімізге 1,1 млрд долларға тауар әкелінді. Бұл былтырғыға қарағанда 0,5%-ға аз. Есесіне Қазақстаннан Ресейге экспорт көлемі 52,5%-ға артып, 869,6 млн долларды құрап отыр. 

Республикамыздың тауар айналымы құрылымындағы Ресей үлесі – 19,2%, импортта – 26,5%, экспортта – 14,3%.

Көрші елден Қазақстанға келетін импорттық тауарлар ішінде металдар мен олардан жасалған бұйымдар көш бастап тұр (251,1 млн доллар). Одан кейінгі орындарда АӨК өнімдері және азық-түлік тауарлары (213,5 млн доллар), машиналар, аппараттар мен жабдықтар (203,1 млн доллар) тұр.

Елімізден Ресейге көбінесе химия өнеркәсібінің өнімдері жеткізілді (320,3 доллар). Сондақ-ақ машиналар мен жабдықтар (209,5 млн  доллар), металдар мен олардан жасалған бұйымдар (147,4 млн доллар) да экспортталды.

2022 жылғы 1 қазанда Қазақстан резиденттерінің ресейлік инвесторлар алдындағы міндеттемелері бір жылда 34,2%-ға ұлғайды.

Инвестицияның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі: 6,6 млрд доллар.
 
Бұдан басқа инвестициялардың айтарлықтай көлемі сауда және автожөндеу саласына құйылды. Үздік бестікке тау-кен өнеркәсібі, көлік және қоймалау салалары да кірген.

Өткен жылғы 12 айда Ресейден елімізге тартылған тікелей инвестиция көлемі 1,5 млрд доллар болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 19,7%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу