Еліміздің сатып алу қабілеті жағынан ең әлсіз өңірлері анықталды

401

Билік әдеттегідей орташа жалақы жоғары көрсеткішке ие екенін хабарлайды. 

Еліміздің сатып алу қабілеті жағынан ең әлсіз өңірлері анықталды Фото: seekingalpha.com

Алайда орташа жалақы қазақстандықтардың нақты сатып алу қабілетін көрсетпейді, деп мәлімдеді Data Hub Бірінші кредиттік бюросының Telegram-арнасының сарапшылары. Олар халықтың әл-ауқаты деңгейін медианды жалақыға сүйене отырып есептеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Назар аударуға тұрарлық бір жақсы көрсеткіш бар - табыстың сатып алу қабілеті. Бұл тұтынуға жұмсалған жан басына шаққандағы орташа табыстың қанша күнкөріс деңгейін (КД) қамтитынын көрсетеді. ҚР ҰСБ СЖмРА деректері бойынша, I тоқсанда табыстың ең төмен сатып алу қабілеті Маңғыстау облысында – 135,6% болды. Яғни, оның әрбір тұрғыны айына тек 1,4 КД-ге тең соманы тұтынуға жұмсады. Ал бірақ дәл осы өңір орташа жалақы мөлшері бойынша екінші орында тұр (509,8 мың теңге).

Атыраулықтыр ең жоғары орташа жалақы (618,4 мың теңге) алатындарына қарамастан, Атырау облысы да Маңғыстаудан алыс кеткен жоқ - 157,5%", - делінген хабарламада.

Тағы 7 өңірде көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (193,6%). Олардың ішінде - Шымкент (157,7%) бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу