22 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді.
22 сәуірде Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғып, бағыты солтүстік-шығысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
22 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.
22 сәуірде Атырау облысының солтүстік-шығысында күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен, батыстан және облыстың орталығынан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Атырауда 22 сәуірде – солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
22 сәуір күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
Сол күні Ақмола облысында түнде Көкшетау қаласында көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
22 сәуірде Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.