Еліміздің шалғай ауылдарына интернет тарту жұмыстары қашан жүргізіледі?

191

2027 жылға дейін 3 мыңнан астам ауылға оптикалық интернет жеткізіледі. 

Еліміздің шалғай ауылдарына интернет тарту жұмыстары қашан жүргізіледі? Фото: Business.gazeta

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ауылдарға интернет тартуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенаттың жалпы отырысында сенаторлар жоғары жылдамдықты интернет бойынша шағын елді мекендерде проблемалар әлі шешілмегенін айтты. Осы орайда автожол бойындағы және елді мекендердегі ұялы байланыс әрі интернет мәселесін шешуге қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

Сондай-ақ, министр қазір 6 200-ден астам ауыл бар екенін, 3G және 4G байланыс желісі 4 мыңнан астам ауылда қосылғанын айтты. ADSL технологиясы бойынша сымды интернет және талшықты-оптикалық желі арқылы интернет 2 мыңға жуық ауылда бар.

"2027 жылға дейін 3 мыңнан астам ауылға оптикалық интернет жеткізіледі. Соның ішінде 1 400-ден астам ауылға мобильді интернет те тартылады. Байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде бұл ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету ескеріледі", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу