Еліміздің шекараларында "Face ID" енгізілмек

Сонымен қатар шетелдік азаматтар үшін тұлғаны банк картасы арқылы растау қызметі іске қосылады. 

Еліміздің шекараларында "Face ID" енгізілмек Фото: Kazakhstan Today

Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. Еліміздің өзге елдермен шекараларындағы электронды кезек жүйесі – "CarGoRuqsat" онлайн броньдау сервисін ҚР ҚМ "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мамандары жасап шығарған.

Жүйе авторларының айтуынша, сервис ұдайы жетілдіріліп келеді.

Жуырда ол "Face ID", яғни адамның келбетін сканерлеу арқылы тексерумен толығып, шетелдік азаматтар үшін тұлғаны банк картасы арқылы растау қызметі іске қосылмақ.

"Мемлекеттік деректер базасы арқылы тексерістен қазақстандық тасымалдаушылар өтетіндіктен, бізде шетелдік тасымалдаушылар бойынша басқа базалармен интеграция жасалмаған. Тиісінше, айла-шарғы жасау деректері орын алған. Мәселен, бірнеше ресейлік және поляк компаниясы мемлекеттік нөмірлерді өзгерту, яғни бірінші жағдайда "сызықша" қойып, екінші рет "бос орын" қалдыру секілді бір номерді түрлендіру арқылы  кезек алған. Осылайша олар жаппай орын алып, осы арқылы өз клиенттерінің көлігін жылжыту мүмкіндігіне ие болған", –  дейді ҚР ҚМ "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ бас маманы Азамат Кұрманов.

Талдаулар көрсеткендей, сервис іске қосылғалы екі ай ішінде "Достық" бекеті арқылы шекарадан 1759 көлік құралы, оның ішінде 1108-і немесе 63 пайызы осы пайдаланушылардың көліктері.

"Пайдаланушы келісімшартын бұзғаны үшін бұл пайдаланушылардың аккаунты бұғатталған. Егер броньда көрсетілген нөмірлі фуралар шекараға келсе, олар өте алады, бірақ аталған пайдаланушы кезекті өзгерту немесе қандай да бір броньды жылжыту құқығынан айырылады. Пайдаланушы келісімшартын бұзу дерегі бойынша материалдар бұл әрекеттеріне тиісті баға беру мақсатында  құқыққорғау органдарына берілетін болады. Жасалған пайдаланушы келісімшарттарына сай бұл келісімшартты бұзған пайдаланушылар аккаунтарын бұғаттан шығару 90 күнтізбелік күн өткеннен кейін немесе оған дейін - Соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады", - дейді ҚР ҚМ "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ бас маманы.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 23 қарашадан бастап Қазақстан-Қытай шекарасының бірнеше бекетінде "CarGoRuqsat" электронды кезек сервисі іске қосылған. Сервисті мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен, ҚР Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ  жасап шығарған. "CarGoRuqsat" электронды сервисті енгізу бастамасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиесілі. Сервис Qoldau.kz цифрлық платформасында іске қосылған және пайдаланушылар үшін тегін.

"CarGoRuqsat" электронды кезек сервисінің міндеті – тасымалдаушыларға алдын ала кезек алу мүмкіндігін ұсыну және бұл кезекті жария ету. Біріншіден, бұл жүк көліктерінің шекарадан өту процесін жеңілдетті. Бұл броньдау кезеңінде-ақ тасымалдаушылардың форматтық-логикалық бақылаудан өтуі есебінен жүзеге асырылады. Жүйе өтініш берушінің салықтар бойынша, ақылы жолдардан жүргені бойынша қарыздардың бар-жоғына, тартқыш пен тіркеменің тіркеуден өткенін және т.б. тексереді, Сервистің екінші міндеті – шекарадағы жемқорлық қауіптерін барынша азайту.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу