Минскіде шорт-тректен Әлем кубогының соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Еліміздің шорт-трекшілері Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев 500 метрлік дистанцияда алтын және күміс медальдерді жеңіп алды. Үшінші орынды канадалық Франсуа Амлен иеленді. Никиша - 41,219 , ал Әжіғалиев – 41,436, Амлен 41,473 секунд уақыт көрсетті.
Әйелдер арасында аталған дистанцияда кореялық Ким Ечжин жеңімпаз атанды. "Күмісті" итальяндық Арианна Фонтана олжаласа, "қола" голландық Яра ван Керкхофтың еншісіне бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу