Еліміздің шығысында күн райына байланысты жолдар жабылды

154

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан көлік қозғалысы шектелді.

Еліміздің шығысында күн райына байланысты жолдар жабылды Фото: canva.com

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.        

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады.

Атап айтқанда:

Абай облысы

– "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы –Шығыс Қазақстан облысы шекарасы); 

Шығыс Қазақстан облысы

– "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ" автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы – Ұлан ауылы);

Айта кетейік, жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу