Еліміздің шығысы мен батысында ауа температурасы төмендейді

1136

Алдағы күндері еліміздің шығысында ауа райының қолайсыздығы мен батыста ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Еліміздің шығысы мен батысында ауа температурасы төмендейді

"Батыс Сібірде орналасқан циклон, республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа-райы қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр жауады. Республиканың батыс жартысында температураның төмендеуі күтіледі", – деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде, ауа температурасы түнде 5-13-ке дейін төмендейді, күндіз 15-23 градусқа дейін болатыны болжанып отыр. Оңтүстікте түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18- 34 градусқа дейін болжануда. Батыста түнде аздап төмендейді — 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін орын алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу