Еліміздің шығысында "Лу Бань шеберханасы" ашылды

595

Жоба "Бір белдеу - бір жол" бастамасын қолдауды көздейді.  

Еліміздің шығысында "Лу Бань шеберханасы" ашылды Фото: ҚР ҒЖБМ

Шығыс Қазақстан облысында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында "Лу Бань шеберханасының" ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, өңір әкімі Ермек Көшербаев, ҚХР-ның Қазақстандағы Бас консулы Ян Вэй бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы және Тяньцзинь қаласының муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Чжан Лин мырза, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Орталық Азия – Қытай" саммиті аясында Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында мемлекеттік деңгейде ШҚО әкімдігі мен ҚХР Тяньцзинь қаласының халық үкіметі арасында "Лу Бань шеберханасын" құру туралы келісімге қол қойылды, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Тяньцзинь кәсіби институты арасында осы шеберхананы құру туралы келісімге қол қойылды.

Жоба Қазақстан мен ҚХР арасындағы қолданбалы технологиялар және жоғары техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, сондай-ақ "Бір белдеу - бір жол" бастамасын қолдауды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу