Еліміздің шығысында боран соғады

365

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 27 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еліміздің шығысында боран соғады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр, қар жауады деп болжады.

"Республиканың батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады, Шығыста боран соғады", делінген хабарламада.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0,-2°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +11+13°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу