Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады. Республиканың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел болып, бұршақ төгуі мүмкін. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда, Ақтөбе, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі жоғары болмақ.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүруі мүмкін.