Еліміздің солтүстік өңірлерінде қант өндірісін дамытуға басымдық беріледі

1232

Ішкі нарықты қантпен қамту үлесі 7%-дан 14%-ға өсті.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде қант өндірісін дамытуға басымдық беріледі

Жамбыл, Павлодар облыстарында жалпы қуаты жылына 216 мың тонна қант өндіруге жететін 2 қант зауыты іске қосылады.   

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың сөзінше, елімізде қант өнеркәсібін дамытуға қатысты шаралар қабылданып жатыр. 

"Қант қызылшасын өндіру көрсеткіші 345 мың тоннадан 486 мың тоннаға дейін артты. Әр гектардан 325 центнерге дейін шикізат алынатын болды. Ішкі нарықты қантпен қамту үлесі 7%-дан 14%-ға өсті", – деді Сапархан Омаров. 

Министрдің мәлімдеуінше, шикізат базасын дамыту үшін қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейтуге, қосымша суармалы жерлерді қалпына келтіруге  және еліміздің солтүстік өңірлерінде қант өндірісін дамытуға басымдық беріледі. 

"Жұмыс істеп тұрған қант зауыттары жаңғыртылады. Жамбыл, Павлодар облыстарында жалпы қуаты жылына 216 мың тонна қант өндіруге жететін 2 қант зауыты пайдалануға беріледі", – деді Сапархан Омаров. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу