Өткен тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының су айдындарында 5 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 жасөспірім бар, деп жазады inbusiness.kz.
"Мәселен, көкшетаулық құтқарушылар Қопа көлін патрульдеу кезінде 1993 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Ол мас күйінде жағадан 600-700 метрге жүзіп, өз күшімен жағаға жете алмаған. Осыған ұқсас жағдай Өскеменде тіркелді. Онда өңірдің құтқарушылары Ертіс өзенін патрульдеу кезінде 1974 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері рұқсат етілмеген орындарда шомылған 2 702 адамға 23 810 728 теңгеге айыппұл салынған.