Еліміздің су мамандары Қытай және Францияда біліктілігін арттырмақ

237

"Болашақ" бағдарламасына су мамандықтары енгізілді. 

Еліміздің су мамандары Қытай және Францияда біліктілігін арттырмақ Фото: Вузопедия

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Франциямен қазақстандық су мамандарын біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі кезінде мәлімдеді.

"Білікті мамандардың жетіспеушілігі - күн тәртібіндегі мәселе, сондықтан кадр даярлау - біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Биыл "Қазсушар" мекемесінің 450 маманы біліктілік арттыру курстарынан өтуде. Ал Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. "Болашақ" бағдарламасына су мамандықтары енгізілді. Сонымен қатар, биыл 523 түлек су саласы мамандықтары бойынша грантқа түсті. Бұл өткен жылдан екі есе көп", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу