Еліміздің су саласында қанша әйел еңбек етеді?

603

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов отандық су саласында қызмет етіп жүрген аруларды мерекемен құттықтады. 

Еліміздің су саласында қанша әйел еңбек етеді? Фото: freepik

Қазақстанның су саласында  1700-ден астам әйел жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде "Қазсушар" мемлекеттік кәсіпорнында 1579 нәзік жанды арулар қызмет атқарады. 

Ведомствоның дерегінше, Су ресурстары және ирригация министрлігінде 75 әйел бар. Министрлік жанындағы Су шаруашылығы және бассейндік инспекциялар комитетінде 99 әйел жұмыс істейді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов отандық су саласында қызмет етіп жүрген аруларды мерекемен құттықтады.

"Қазақстанның су саласында қызмет атқаратын барлық аяулы аруларымызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың шаттық күлкісін, сондай-ақ жаңа биіктерді бағындыру үшін толағай табыс пен күш-жігер тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бойынша ортақ жұмысымызды сіздердің қажырлы еңбектеріңізсіз елестету мүмкін емес. Гүлдей құлпырып, әр күндеріңіз қуанышты сәттерге толы болсын", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу