Мемлекет басшысы бірқатар өңірдегі судьяларды қызметінен босатып, жаңа судьяларды тағайындады, деп жазады inbusiness.kz.
Судья қызметіне тағайындалды:
Ақтөбе облысы бойынша:
- Қарғалы аудандық сотына Сәрсенова Данагүл Қайратқызы;
Алматы облысы бойынша:
- Қарасай аудандық сотына Өтегенова Жазира Әбдірәшидқызы;
Жамбыл облысы бойынша:
- Талас аудандық сотына Ізбасаров Қайрат Болатұлы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Қарағанды облысы бойынша:
- Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданының № 2 сотына Екзеков Талғат Тұрсынұлы осы облыстың Саран қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Қостанай облысы бойынша:
- Амангелді аудандық сотына Бекбосынов Ерлан Қайратұлы;
- Қарабалық аудандық сотына Усмаев Бек-Хан Ханпашаевич;
- Қостанай қалалық сотына Минх Евгения Витальевна;
- Лисаков қалалық сотына Айсенова Мәдина Зиноллақызы; Сапабекова Алина Әлиқызы;
- Рудный қалалық сотына Бижанов Асылхан Айдарханұлы; Жаңабаева Динара Сапарғалиқызы; Иманбаева Гүлсүм Бағдадқызы;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
- Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның сотына Калинина Наталья Владимировна;
- Мамлют аудандық сотына Зубкова Инна Викторовна;
Түркістан облысы бойынша:
- Сарыағаш аудандық сотына Орынбаев Жасұлан Жұмағалиұлы;
- Түркістан қалалық сотына Ақынов Жанәбіл Болатұлы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
- Шемонаиха аудандық сотына Қалдаманова Қымбат Оразқанқызы.
Атқаратын қызметінен босатылды:
- Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жапаров Еркін Мұсаханұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;
- Жамбыл облыстық сотының судьялары Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы орнынан түсуіне байланысты; Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы орнынан түсуіне байланысты;
- Түркістан облыстық сотының судьясы Жаппасова Клара Жаппасқызы орнынан түсуіне байланысты;
- Астана қаласы бойынша: Алматы аудандық сотының судьясы Смағұлова Нұргүл Ілесқызы басқа жүмысқа ауысуына байланысты; Есіл аудандық сотының судьясы Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты; кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кушакова Марина Афанасьевна орнынан түсуіне байланысты;
- Алматы қаласы бойынша: Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Рамазанова Айжан Қадылбекқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты; Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сәтбайқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;
- Шымкент қаласы бойынша: Абай аудандық сотының судьясы Мылтықбаев Қанат Елемесұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;
- Абай облысы бойынша: Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы орнынан түсуіне байланысты;
- Алматы облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;
- Атырау облысы бойынша: Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Трумова Дина Шоқанқызы қайтыс болуына байланысты;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша: Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Нұрлан Ерболатұлы қайтыс болуына байланысты;
- Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы орнынан түсуіне байланысты; мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Дурдыев Рафаил Ибрагимович орнынан түсуіне байланысты; Теміртау қалалық сотының судьясы Шаяхметова Айжан Ғазизқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша; Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы орнынан түсуіне байланысты;
- Қостанай облысы бойынша: Лисаков қалалық сотының судьясы Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы орнынан түсуіне байланысты.