Қазақстанның судьялары стилистикасына мән беруге және шешендік өнерлерін дамытуға міндеттеледі. Жаңа талап 1 қыркүйектен бастап күшіне енгізілмек, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап судьяларға екі талап қойылатын болды. Алғашқысы - жазбаша сөйлеу мәдениетін сақтау. Сот шешімдерінің, үкімдері мен қаулыларының бірыңғай құрылымы мен стилін ұстау талап етіледі. Екіншіден - үкім шығарғаннан кейін кез келген судья қарапайым және түсінікті тілмен қабылдаған шешімі туралы түсіндіріп, айту керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу