Еліміздің сыртқы сауда айналымы биылғы екі айда 14 миллиард доллардан асты

1870

Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 7,5 процентке артық.

Еліміздің  сыртқы сауда айналымы биылғы екі айда 14 миллиард доллардан асты

Ал Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биылғы жылдың алғашқы екі айында 14 млрд доллардан асқан, деп хабарлайды Atameken Business.

Статистика комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, қаңтар-ақпан айларында экспорттың көлемі  10 млрд доллар шамасында болған. Импорт көлемі 5 млрд долларға жуықтайды. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялардың мөлшері 2 млрд теңгеден асты. Бұл – қаңтар-наурыз айларының нәтижесі.

Өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіш 7 процентке артып отыр. Негізі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік операцияларына және көлік пен қойма кәсібіне тиесілі. Ал ірі кәсіпорындардың салған инвестициялары 1 млрд 392 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу