Қос батырдың есімі берілген кемелер Роттердамнан Қазақстанға бет алды

1059

Қос батырдың есімі берілген кемелер Роттердамнан Қазақстанға бет алды

Қос батыр Райымбек пен Наурызбайдың есімі берілген екі кеме Роттердам теңіз айлағынан алғаш рет айдынға шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Кемелерді қазақстандық тараптың тапсырысымен Голландияда жасап шығарған. Олар Каспийдің солтүстігінде "Теңізшевройл" компаниясының болашақ жобаларын жүзеге асыратын болады. Сүйреткіш кемелер Роттердам портынан шығып Гибралтар, Босфор, Азов арқылы Каспий теңізіне жетеді. Осылайша Қазақстан ерекше үлгідегі алты кеменің бесеуін алып үлгерді.

Батыр бабалардың атымен аталған су көліктері "Теңізшевройл" компаниясының үшінші заводының құрылысына жүк тасымалдайды.

Тағы айта кететіні, алты кеменің төртеуі мұз жарғыш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу