Еліміздің тауар биржалары 1,5 трлн теңгеге сауда жасады

924

Еліміздің тауар биржалары 1,5 трлн теңгеге сауда жасады

2016 жылы Қазақстанда  14 тауар биржасы жұмыс істеп, оларда 38,3 мың сауда өтті. Бұл туралы статистика комитеті мәлім етті.

Оның ішінде 41,7 мың спот-тауармен  және 773 фьючерстік мәміле жасалды.

Жасалған операциялар бойынша айналым 1,5 трлн теңгені құрады, оның ішінде спот-тауармен – 1 313,3 млрд теңге, фьючерстік мәміле бойынша  159,8 млрд теңге.

Жасалған мәмілелер бойынша айналымдық биржаның ең үлкен көлемі бидай  мен майлы дақылдарға тиесілі (айналымның 470 млрд теңгесі немесе 31,4%). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу