Еліміздің таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін

116

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Еліміздің таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін Фото: Pixabay.com

Республикамыздың таулы аудандары әртүрлі дәрежеде көшкін қаупін төндіреді. Көбінесе қар көшкіні Іле Алатауы жотасының беткейлерінде (Алматы қаласы) және Алтай (ШҚО) тауларында байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыстың басы мен көктемнің басы қар көшкіні белсенді болатын ең қауіпті кезеңдер болып саналады.

Биылғы жылы жалпы көлемі шамамен 1,2 млн. м3 213 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді. Жалпы, қазіргі уақытта қар биіктігі норма шегінде немесе нормадан асады.

"ТЖМ таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінін болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды және тауларға барудан бас тартуды ұсынады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу