Еліміздің теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды

431

Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%.

Еліміздің теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды Фото: SKnews.kz

Отандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Каспий теңізінде жүк тасымалын дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ, қазақстандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайғандығын айта кеткен орынды.

Осылайша 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12%-ды құрады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр. Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%.

Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу