Еліміздің тоғыз өңірінде өрт қаупі бар. Мұндай мәліметті ТЖ комитетінің баспасөз қызметі таратт, деп хабарлайды Atameken Business.
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт тұтану қаупі сақталып отыр.
Еске сала кетсек, күні кеше Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарында 10 мың гектардан астам жер өртеніп кетті. Қызыл жалынға халықтың отты абайсыз пайдалануы және найзағай түсуі себеп болған.
Ал Қостанай облысының Әулиекөл және Наурызым аудандарында өртпен күрес жалғасуда. 1 мың гектар алқапты шарпыған өртті сөндіруге ТЖД-нің 155 қызметкері мен 38 техника жұмылдырылған.