Қазақстандықтардың төлқұжатында жаңа элемент пайда болады

149

Қазақстандықтар визасыз 43 елге бара алады.   

Қазақстандықтардың төлқұжатында жаңа элемент пайда болады Фото: Бейнежазбадан

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов еліміздің төлқұжатына жаңа қорғау элементі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық төлқұжатты қорғау деңгейін көтеріп жатырмыз. Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. 30 елге виза жеңілдетілген тәртіппен, тағы 30 елде келген сәттен бастап виза алады. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін одан әрі енгізіп жатырмыз", – деді Бауыржан Әленов.

Үкімет отырысында көрсетілген слайдтан байқағанымыздай, төлқұжат үлгісіндегі құжат нөмірінің астында жаңа қорғау элементі – қар барысын көруге болады.

Айта кету керек, бұған дейін шетелдіктер тарапынан Қазақстанға келуге 900 мыңнан астам өтініш түскенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу