Еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

990

Еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

Көктемгі су деңгейінің көтерілуіне байланысты еліміздің төрт облысы аумағындағы жол учаскелерінде көлік қоғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазавтожол" РМК мәліметіне қарағанда, бүгін таңертеңнен бастап Ақмола облысы арқылы өтетін "Екатеринбор-Алматы" жолының 915-1006 шақырымындағы Жақсы мен Атбасар аралығында (964-ші шақырымын су шайған) жол жабық.

Ал Қарағанды облысы аумағындағы "Ақшатау-Ағадыр" автожолының 90-195 шақырымы  (166 шақырым +750 м. жолды су шайды)  аралығындағы қозғалыс шектелді.

Айналма жол - "Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ақадыр" арқылы. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз"  автожолының  17-217 шақырымындағы (43,141, 169, 174, 178 шақырымды су шайды)  Қарағандыдан Қарқаралыға дейін жол жабық тұр.

Сонымен қатар "Бастау-Ақтау-Теміртау" жолының  1-12 шақырымындағы Бастаудан   Ақтау кентіне дейінгі учаскеде  көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында "Семей-Қайнар" жолының 8-166 шақырымында (27 шақырымды су шайған) қозғалыс шектелді.   Айналма жол - "Семей-Қарауыл".

ОҚО-да су тасқынына байланысты "Самара-Шымкент" автожолының 2217-2235 шақырымы аралығында (2229 шақырым көпір) көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Арыс өзені арқылы өтетін жағалау мен көпір тіректерін су шайып кетті.  Айналма жол - Тамерлановка ауылы арқылы.

Қазавтожолда атап өткендей, су басуы мүмкін учаскелерде нығайту, бекіту жұмыстары жүріп жатыр, алдын алу белгілері қойылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу