Мәдениет және спорт министрінің "Туристендіру картасын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.
Картаға республикалық деңгейдегі бірқатар туристік аумақтар қосылды, өңірлік деңгейден республикалық деңгейге ауыстырылғандары да бар. Бұдан бөлек туристендіру картасына өңірлік деңгейдегі бірқатар жаңа туристік аумақтар да енгізілген.
Осыған дейін картада республикалық деңгейдегі туристік аумақтардың 68 атауы ғана болатын. Толық тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Құжат 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу