Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді

140

2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. 

 Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді Фото: rawpixel.com

Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты.

Бұл көрсеткіштер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды.

Саланың экономикалық көрсеткіштері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.

Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады.

Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құрады.

Бұл Қазақстанның ішкі және халықаралық туристерді қабылдауға дайындығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың 10 айында олардың көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу