Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстанның Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстанның Германиядағы, ал Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак, Ливан, Палестина мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Еліміздің Сингапурдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов, Германиядағы елшісі қызметіне Дәурен Айтбайұлы Кәріпов, Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі елшісі қызметіне Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов тағайындалды.