Еріген қар сулардың салдарынан Ақтөбе және Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
23 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы бойынша "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).
Қостанай облысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).