Еліміздің үш өңірінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

238

Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.   

Еліміздің үш өңірінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр Фото: gov.kz

Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы аталған өңір тұрғындарын сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"29 сәуір күні Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабымен "Тараз-Антитеррор-2024" оқу-жаттығуы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерге қарсы тұру деңгейін тексеру", - делінген ресми ақпаратта.

Лаңкесттікке қарсы орталық қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

Сонымен қатар бүгін сағат 10:00 – 14:00 аралығында Нұра кентінде КММ "Нұра" стадионында (Әбдіров көшесі, 55) терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Аталған объекті айналасында шектеу қойылған.

Осыған орай заматтарды түсінушілікпен қарауды, сабырлық сақтауды, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және ресми БАҚ ақпараттарына ғана сену сұралады.

Одан бөлек, бүгін және ертең (29-30 сәуір) Жезқазған қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуі жоспарлануда.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Өткізілетін іс-шараға байланысты Жезқазған қаласындағы көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылатың мәселесі қарастырылған. Тұрғындардан дүрбелеңге жол бермеу және тек ресми ақпараттар көзіне сену керектігі ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу