Еліміздің үздік құрылысшылары марапатталды

769

Елорда төрінде қиын да қажарлы еңбек иелері төл мерекелерін дүбірмен атап өтті.

Еліміздің үздік құрылысшылары марапатталды Фото: Қазақстан Құрылысшылар Одағының Баспасөз қызметі

Жылда Қазақстан бойынша үздік құрылысшылардың басын қосатын дәстүрлі салтанатты жоба биыл да Құрылысшылар одағының ұйымдастырумен жүзеге асты.

Салтанатты жиынның шымылдығын Қазақстан құрылысшылар одағының Төрағасы Талғат Ерғалиев ашып, ыстық лебізді құттықтау сөз сөйледі.

"Құрылысшылардың еңбектері еленетіні қатты қуантады. Біз одақ атынан жыл сайын құрылыс саласының қыметкерлерін алғыс хаттармен және төсбелгілермен мараппатаймыз. Менің ойымша, осындай сый-құрметтің арқасында мамандардың жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттері ұалыптасады", - деді Төралқа төрағасы.

Биыл құрылыс саласында ерен еңбегімен көзге түскен бірқатар азамат "Құрметті құрылысшы" және "Еңбек сіңірген құрылысшы" төсбелгілерімен 36 құрылыс маманы марапатталды.

"Құрметті құрылысшы" наградасына 30 жылдық тәжірибиесі бар құрылысышлар - Тимур Абдрахманов и Алексей Кравченко ие болды.

Салтанатты басқосуда құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі үшін 34 маман "Еңбек сіңірген құрылысшы" марапатталды: Мәулет Әлібаев, Владимир Мин, Александр Бердник, Берікқажы Оқасов, Қанат Темірбеков, Баянжан Калгулов, Кәрім Салықбаев, Айтқазы Қалиев, Жақыпжан Садықов, Жамиль Гарипов, Серік Манжанов, Мереке Оспанов, Ескелді Аблаисов, Бекболат Құсманов, Людмила Ширшова, Совет Курсабаев, Александр Демидович, Болат Ахатов, Анарбек Мархабай, Қайрат Абдуахитов, Ержан Оразбеков, Толқынбай Джаппаров, Айдархан Ахметжанов, Айдын Сейдуалиев, Шамжан Бөбеш, Төрәлі Махат, Қуандық Сыздықов, Сәкен Шляпиев, Руслан Дуанбаев, Сергей Валеев, Қуаныш Балтабаев, Серік Медетбеков, Талғат Торғаутов, Владимир Спичкин.

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, "Атамекен" ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасы Ирина Манжанова, "Банк ЦентрКредит" АҚ филиалының жетекшісі Дина Сейтказина, "Отбасы банк" АҚ филиалының жетекшісі Жансұлтан Матай құттықтау сөз сөйлеп, марапаттарды тапсырды.

Қазақстан құрылысшылар одағы еліміздің басқа да өңірлеріндегі құрылысшыларды назарсыз қалдырмады. Республика бойынша 10 награда мен 10 алғыс хат шараға келе алмаған өңірлердегі құрылысшыларға жолданды.

Құрылысшы мамандығы - қырағылық пен шеберлік, талант пен талғамды талап ететін елеулі мамандықтардың бірі де бірегейі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу