Еліміздің вокзалдарында "қызыл" мәртебесі бар 296 адам анықталды

646

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылардың ең көп саны елордада тіркелген.  

Еліміздің вокзалдарында "қызыл" мәртебесі бар 296 адам анықталды

"Ashyq" бағдарламасы енгізілген сәттен бастап республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың вокзалдарында "қызыл" мәртебесі бар 296 және "сары" мәртебесі бар 177 адам анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылардың ең көп саны елордада тіркелген. Нұр-Cұлтан вокзалында 121 адам анықталса, осындай ережелерді елемейтін қазақстандықтардың саны Нұрлы жол вокзалында да байқалды. Вокзал ғимараттарына "қызыл" және "сары" мәртебесі анықталған адамдар жіберілмейді. Карантин тәртібін бұзушылар туралы уәкілетті органдар бекіткен алгоритмге сәйкес твокзалдардағы СЭС қызметкерлеріне хабарланады", – деп 
жазылған хабарламада. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу