Еліміздің зейнетақы жүйесінде қанша ақша жинақталған

3431

162 мыңға жуық адам зейнетақы жинақтарын алған, оның орташа сомасы айына 28 мың теңгені құрайды. 

Еліміздің зейнетақы жүйесінде қанша ақша жинақталған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Серік Шәпкенов кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Бүгінгі таңда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі ең өзекті мәселе – жинақтау жүйесін дамыту. Жинақтаушы жүйе енгізілген 22 жыл ішінде 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаражаттың жалпы сомасы 12,9 трлн теңгені құрады. 162 мыңға жуық адам зейнетақы жинақтарын алды, оның орташа мөлшері айына 28 мың теңгені құрайды. Осындай оң үрдістерге қарамастан, зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақсыздығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр", – дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Серік Шәпкенов министрлік 2014 жылы бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлім етті.

"Мәселе зейнетақы жүйесін өзгерту жайында емес. 2023 жылдан бастап жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарналарын енгізу бойынша одан әрі жетілдіру көзделуде", – деді министр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу