Еліміздің зертханалары коронавирусты анықтауға арналған тест-жүйелерімен жабдықталған

986

СOVID-19 бойынша диагностикалық шаралар республикалық маңызы бар 16 облыс орталығында жүргізіледі. 

Еліміздің зертханалары коронавирусты анықтауға арналған тест-жүйелерімен жабдықталған

Қазақстанда коронавирусты анықтауға қатысты шараларды "Ұлттық сараптама орталығының" негізіндегі вирусологиялық зертханалар республикалық маңызы бар 16 облыс орталығында жүргізеді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Барлық зертхана Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасында жасалған СOVID-19-ды анықтауға арналған тест-жүйелермен жабдықталған. Талдау бірден 4-5 сағаттың ішінде жүргізіледі. Сонымен қатар оның барлығы қосымша Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында зерттеледі. Онда тексеріс отандық тестілер негізінде сарапталады", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек ведомстваның баспасөз қызметі үлгілер Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу мен мониторинг жасау ғылыми-тәжірибелік орталығында тексерілетінін хабарлады. Онда зерттеу нысандары Ресейде өндірілген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тест-жүйелері бойынша сарапталады. Осылайша коронавирусты анықтау шаралары үш кезең бойынша жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу