Еліміздің жас каратэшілері әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алды

1051

Еліміздің жас каратэшілері әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Каратэ-до спорты бойынша Қазақстанның ұлттық құрама командасы Испанияда жастар арасында өткен әлем чемпионатында екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Елорда инфо.

25-29 қазан күндері аралығында өткен турнирге әлемнің 110-нан астам елінен 1700 спортшы қатысты. Спорттық додада екі қазақстандық спортшы жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, алғашқы алтынды Байтөреев Еркінбек жеңіп алды. Ол 61 келі салмақ дәрежесінде 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында сайысқа түсіп, Болгария, Чехия, Польша, Испания және Жапония сынды елдердің спортшыларын тізе бүктіріп, соңғы сәтте Әзербайжан спортшысын жеңді.

Ал қазақстандық София Берультцева Македония, Хорватия және Египет спортшыларын артта қалдырды. Соңғы финалда каратэ ұлттық мектебінің түлегі немістің спортшысы Шройтер Маделяйнемен кездесіп, одан екі ұпай артық жинап, жеңіске жетті.

Ал ұлттық құраманың қоржынына түскен үшінші жүлде - қола медаль кіші категорияда сайысқа түскен каратист Тынысбек Нұртілестің еншісіне тиді.

"Осылайша әлемдік додада Қазақстан құрамасы 8-ші орынға ие болды. Бұл нәтижелер ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамының жақсы нәтижелі жұмысы негізінде және каратэ федерациясының президенті Евгений Пак мырзаның тікелей белсенділігі мен қолдауының арқасында қол жеткізді", - деп хабарлайды Қазақстанның каратэ-до баспасөз қызметі.
Испаниядағы әлем чемпионатынан кейін, желтоқсан айында Қазақстан  құрамасы "A" сериясындағы турниерге Италияға барады.

Ең маңыздысы бұл жетістік Қазақстан жастары үшін келер жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін жастар олимпиадасы ойындарына қатысу мүмкіндігіне жол ашып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу