Куала-Лумпур қаласында жеңіл атлетикадан Malaysian Open Grand Prix турнирі мәресіне жетіп, қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Соңғы жарыс күнінде Кристина Овчинникова (биіктікке секіру) мен Валим Левченков (1500 метр) қола жүлдеге қол жеткізді.
Естеріңізде болса, Иван Иванов ядро лақтырудан, Ярослава Вислобокова сырықпен секіруден турнир жеңімпазы атанған болатын.
Сондай-ақ, Сергей Сухов 800 метрге жарысудан мәреге үшінші болып келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу