Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.