Еліміздің ЖІӨ қаңтар-қыркүйек айларында 2,8%-ға өсті

2022 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш кем дегенде 3% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Еліміздің ЖІӨ қаңтар-қыркүйек айларында 2,8%-ға өсті

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасы 2,8%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етте, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрады", – деді министр.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,1%-ға өсті.

Ал 2021 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4%-ды құрады. Ел Үкіметі 2022 жылдың соңына қарай ЖІӨ өсімін кем дегенде 3% деңгейінде болады деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу