Еліміздің жолдарын жөндейтін мердігерлер таңдалды

950

Республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізетін мердігерлік ұйымдар анықталды.

Еліміздің жолдарын жөндейтін мердігерлер таңдалды

"QazAvtoJol" ұлттық компаниясы Қазақстанның сегіз өңіріндегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына қатысты келісімшарттарға қол қойды.

Биыл мердігер ұйымдарды анықтау шараларын құрылыс маусымы басталғанға дейін өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

ИИДМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2020 жылы орташа жөндеу жұмыстарымен жолдардың 1039 шақырымы қамтылады. Мамандар жолдардың 553 шақырымын – суық ресайклинг технологиясымен, 247 шақырымын – жолдың кедірлі-бұдырлы жабындысын өңдеу, 154 шақырымын – асфальт-бетон жабындысын төсеу әдісімен,  85 шақырымын микросюрфейсинг технологиясымен жөндейді.

Бұған дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымды анықтауға арналған конкурс құрылыс маусымының қарсаңында өткізілетін.

"Биыл мердігер ұйымдар жөндеу жұмыстарын уақытында бастау үшін жол-құрылыс материалдарын алдын ала дайындау мүмкіндігіне ие болып отыр. Автомобиль жолдарының қалған 35 учаскесін орташа жөндеуден өткізетін ұйымдар ақпан айының соңына дейін анықталмақ. 11 учаске – ауыспалы жобалар",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу