Елімізге 122 өрт сөндіру депосы қажет

1363

Өрт сөндірушілер жыл сайын 40 мыңға шақыртуға барады. 

Елімізге 122 өрт сөндіру депосы қажет Фото: Мария Матвиенко

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, өрт сөндіру бөлімдері елді мекендерден қашықта орналасқан. Бұл төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге кедергі келтіреді. 

"Қыста жеке тұрғын үйде өрттің шығу қаупі артады. Ауа райының көктайғақ, жолды қар басу, боран сынды табиғи фактілері күрделене түседі. Бұл өрт сөндіру топтарының келуі уақытына кері әсер етеді", – деді министр.

Оның сөзінше, өрт бөлімшесінің шақыру орнына келуінің нормативтік уақыты қалада – 10, ауылдық жерде –  20 минутты құрайды. 

"Қазіргі кезде қалаларда аталған іс-қимыл уақыты шамамен 11 минутты, ауылдық жерлерде 30 минут және одан да көп уақытты қамтып тұр. Республика бойынша төтенше жағдай министрлігінің 413 өрт сөндіру бөлімі бар. Олар жыл сайын орта есеппен өрт шарпыған нысандардағы 40 мыңға жуық шақыртуға барады. Өрт сөндіру топтарының дер кезінде келуін қамтамасыз ету үшін 122 өрт сөндіру депосы қажет. Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, біздің бөлімшелеріміз жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру арқылы мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Үш жылда 153 бекет жасақталды. Қазіргі кезде еліміз бойынша барлығы 396 бекет қызмет етуде, бұл жалпы халық саны бір миллионнан астам 1189 ауыл мен кенттің қорғалуын қамтамасыз етті. Соңғы үш жылда жоспарлы көрсеткіштер 60%-дан аспайды. Өңірлердің әкімдеріне өрт сөндіру бекеттерінің тиімді географиялық орналасуын ескере отырып, оларды құруды қамтамасыз ету талап етіледі", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу