Елімізге 2,4 млрд теңге тұратын электронды темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

434

Үш Қазақстан азаматы ұсталды

Елімізге 2,4 млрд теңге тұратын электронды темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды Фото: t.me/knbgov_kz

Қазақстанға заңсыз ірі көлемде электронды темекі өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге "Достық" автокөліктік өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында жүк көліктеріне тиелген ілеспе құжаттары жоқ ірі көлемдегі электрондық темекіні кіргізуге әрекеттенген үш Қазақстан азаматын ұстады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 2,4 млрд теңгені құрайды.

"Тексеру жүргізу үшін Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесіне жолданды",-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу