Елімізге 464 мың тонна сүт сырттан келеді

664

Сүтті-тауарлы фермалардың шығыны субсидияланады. 

Елімізге 464 мың тонна сүт сырттан келеді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрліктің сүт өндіру саласындағы жоспарын жариялады.

"Сүтті мал шаруашылығы секторында импортты алмастыру міндетіне сәйкес, сүтті-тауарлы фермалар желісін құру және кеңейту жобалары жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы қуаттылығы 40 мың тонна сүт өндіретін 8 өнеркәсіптік және 14 отбасылық ферма қолданысқа берілді. Алайда, 464 мың тонна көлемінде сүт импорты бар", – деді Сапархан Омаров үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, жыл сайын 25 сүтті-тауарлы ферманы қолданысқа беру жоспарланған. 

"Алдағы 5 жылда қайта өнделген сүт өндірісі көлемін 500 мың тоннаға арттыру арқылы импортты алмастыру мәселесін толық жабу жоспарланып отыр. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуетті сүтті-тауарлы фермалардың жобалары пысықталды. Өңірлерде биыл 32 өнеркәсіптік сүтті-тауарлы ферма  салынып, 43 отбасылық ферма қайта жабдықталады.7 өнеркәсіптік сүт фермасы жобасы бойынша қаржыландыру мәселесі шешілді, бір жоба өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Басқа жобалар биыл "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қосымша бөлінген 400 млрд теңге аясында жүзеге асырылады. Сүтті-тауарлы фермаларды жүзеге асырған инвесторларға инвестициялық жоба бойынша жұмсалған шығындарын субсидиялау түріндегі қолдау және қайта өндеуге өткізілген сүт бағасын арзандату бойынша субсидиялау түріндегі мемлекеттік көмек көрсетіледі", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Фото: news.1777.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу