Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Көбісі аграрлық банк керек деп айтады. Бұл мәселеде талдау жасадық. Кәдімгі банктен ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек 30 пайызын арзандатылған мөлшермен шаруашылыққа береді. Ал қалған сұрақтарда басқа банктер сияқты биржада істейді, жоғары пайыздық мөлшерлемемен өнеркәсіпті қолдайды. Түркияның, "Россельхоздың", қырғыздар мен өзбектердің банкін қарадық. Мынау отыз пайызға Үкімет көмектесіп, арзандатады. Сол себептен бізде кез келген банк аграрлық банк болып есептеле алады", – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Депутаттар банктер атын аграрлық бағытқа қарай өзгерте ала ма деп сұрады.
"Егер бір банк келіссе, әрине, өзгертуге болады. Ең бастысы атын емес, жұмысын өзгерту керек. Бұл басты қағида", – деді Серік Жұманғарин.