Елімізге Бельгиядан жеткізілген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды

119

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.      

Елімізге Бельгиядан жеткізілген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға қайта жіберілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының Құрық портында құжатты тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекарадан өткізу кезінде міндетті болып табылатын фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы Бельгияға кері қайтару туралы акт рәсімделді.

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу