Елімізге дәрілік препараттардың 87%-ы сырттан келеді

772

Дәрі-дәрмектерді сертификациядан өткізу рәсімдері жеделдетілген түрде жүзеге асырылды.  

Елімізге дәрілік препараттардың 87%-ы сырттан келеді

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

"Халықты толғандыратын мәселелер аз емес. Оның ішінде негізгі мәселе – дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан аса дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын қамтамасыз ету деңгейі 13%, қалғанын сырттан, импорт арқылы алып отырмыз.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін мынадай шаралар қабылданады: Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінімдер қабылдау, дәрі-дәрмектерді сертификациядан өткізу мен сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды. Әкімдіктермен бірлесіп көтерме сауда қоймаларын, дәрі-дәрмектердің қоры және бағасын қымбаттатуға жол бермеу үшін жеке дәріханаларды аралап өтетін арнайы мониторингтік топтары құрылды. Қызуды төмендететін вирусқа қарсы препараттармен емдеуді тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен жүзеге асыруды сұраймыз. Өз бетімен емделу өте қауіпті екенін білесіздер", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу